Семейде ҚазИГЗУ түлектерін еліміздің эстрада жұлдыздары құттықтады

/uploads/thumbnail/20180605174946860_small.jpg

Осыдан жиырма жыл бұрын қаламыздағы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университеті құрылған болатын. Қазіргі таңда бұл білім ордасын бітірген талай азаматтар халқына елеулі қызмет етіп, әртүрлі саланың нағыз майталмандары болып отыр. Бүгінгі күнге дейін шетелдің көптеген оқу орындарымен интеграцияны нығайтып, студенттердің білім сапасына басты назар аударып келеді. Биыл дәл осы университеттің жиырма жылдығы кең көлемде атап өту үшін бірқатар шараларды өткізу жоспарланған болатын. Осыған орай түлектерге диплом табыстау рәсімі де өзгеше өтті.

Орталық алаңда Қазақстан эстрадасының жарық жұлдыздарының қатысуымен «Open air party KazGUIU» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Кеш барысында Ермак Сәлімов және де шаһарымыздың өзге де лауазымды тұлғалары түрлі мамандықтарда оқыған 700-ге жуық жастарымыздың барлығына көптен күткен дипломдарын қолдарына ұстатып, алдағы өмірлеріне тек сәттілік тіледі.

Қуанышқа толы кештің одан ары ажарлана түсу үшін Әли Оқапов, Маржан Арапбаева, Ерболат Құдайбергенов өздерінің хит әндерін орындап, барша қала тұрғындарына ерекше атмосфера сыйлады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи