Үшінші маусымда Атыраудың Элеватор ауданында жантүршігерлік апат болды. Бұл жайында Мой город жазды.
Апаттан 20 жастағы Атыраудың тұрғыны Михаил Точилин мен 28 жастағы Сергей Изюмников көз жұмды. Екі жігіт мотоциклмен үйлеріне қайтып бара жатқан. Куәгерлер мен марқұмдардың туыстарының айтуы бойынша, жігіттер отырған мотоциклді «Тойота Хайс» автокөлігімен 57 жастағы ер адам қаққан.
Жігіттердің бірі оқиға орнында қайтыс болған. Екіншісі ауруханаға барар жолда жан тапсырған.
Михаил Точилин үйінің кенжесі болған, үш бауыры бар. Ал Сергей Изюмниковтың артында аяғы ауыр әйелі мен екі баласы қалды. Ол отбасындағы жалғыз бала болған. Ал марқұмдарды мотоциклмен жүру байланыстырған.
Оставить комментарий