Семейде таңғажайып «Музей Түні» өтті

/uploads/thumbnail/20180606101426495_small.jpg

Кеше кешкісін Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайында «Менің сүйікті қалам» деген атаумен «Музей Түні-2018» өтті. Келем деуші әрбір қала тұрғынына мұражай есігі ашық болды. Музейдің әр қабырғасында ілініп тұрған мыңжылдық тарихы бар картиналар көздің жауын алып, дәл осы күні өзгеше кейіпке еніп, жаңаша бір леппен жандана түскендей көрінді.

Ұйымдастырушылар шаһар жұртшылығына ерекше қылып дайындаған бағдарламаларын ұсынып, Ізілік пен мәдениеттің көрінісі болып табылатын айырықша туындыларды түнгі 11-ге дейін тамашалауға рұқсат етті. Кеш барысында төрт музейдің қорынан «Әлі де сол Ертісте!» көркем кескіндеме және графика көрмесі, Ольга Феденеваның ерекше қуыршақтары көпшіліктің назарына ұсынылды. Сондай-ақ, «Менің сүйікті қалам» открытка жасау мен Валерий Тимофеевтың «Монотипия техникасындағы қалалық пейзаж» атты шеберлік класы өткізілді.

Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің 2 курс студенті  Үміт Итжанова:

-18 мамыр- Дүниежүзілік мұражайлар күні. Бұл мереке тек мұражай қызметкерлерінің емес, жалпы мәдени мұраны сақтауға бейжай қарамайтын жандардың мейрамы. Шыны керек осы шара өтеді деген хабарландыруды естігенде міндетті түрде барып, көремін деп достарыма уәде еткен болатынмын. Бүгін міне келдім бәрі ойдағыдай болып жатыр, маған өте қатты ұнады. Мұндағы әрбір картина тірі құбылыстар іспетті. Ал ерекшелікке толы өзгеше көзілдіріктер, бас киімдер тіпті көңілімді жадыратып жіберді. Жалпы алғанда, жақсы көремін осылай демалғанды. Ұнайды және басқаларға да кеңес беремін.

Ескі аңыздарға сенсек, мұражайда түнгі уақытта ғажайып құбылыстар болады дейді. Ол расымен де болды деп айтсақ та артық айтпағанымыз. Олай дейтін себебіміз Всеволод Демидовтың «Жаңа көзқарас» атты оптикалық аспаптар көрмесі талай адамдарды таңқалдырды. Бұл жерде кез-келген адам Всеволод мырзаның өзі жасаған түрлі асыл тастармен безендірілген эксклюзивті қалпақтарды, әртүрлі пішіндегі көзілдіріктерді көзбен көріп қана қоймай, киіп көру мүмкіндігіне де ие болды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи