Алматыда айлықты кешіктіріп жүрген жұмыс берушілерге айыппұл салынды

/uploads/thumbnail/20180606111556189_small.jpg

Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы 960 заң бұзушылықты анықтады.

Тексеру нәтижесінде еңбек етушілердің құқықтары тапталғаны анықталып, жұмыс берушілерге ірі көлемде айыппұл салынды. Айыппұлдың жалпы көлемі – 58,2 миллион теңге.

«Еңбек етушілердің айлығын кешіктіргені үшін 227 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 45 миллион теңге айыппұл төлейді. Еңбек келісімінсіз жұмыс істеуге жол беріп, еңбек демалыстарына жібермегені үшін 7,9 миллион теңге көлемінде 43 айыппұл салынды. Жұмыс орындарындағы заңға қайшы жағдайларды жылы жауып, тексеруге дейін апармағаны үшін 4,8 миллион теңге көлеміндегі 18 айыппұл, бос жұмыс орындары жайлы дұрыс ақпарат бермегені үшін 499 мың теңге көлеміндегі 20 айыппұл салынды», - деді Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының басшысы Талғат Разақов.

Жұмыс берушілер 43,6 миллион теңге көлеміндегі айыппұлды өтеді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи