Қабанбай батыр ауылындағы туристік музей желтоқсанда пайдалануға беріледі

/uploads/thumbnail/20180606115136613_small.jpg

Қабанбай батыр ауылындағы туристік музей кешені желтоқсан айында пайдалануға беріледі. Бұл туралы Үржар ауданына жасаған сапары барысында облыс әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді.

Естеріңізге салайық, былтыр аталмыш елді мекенге жасаған сапары барысында аймақ басшысы көп жыл бойы қаңырап бос тұрған ауылдық Мәдениет үйін музейге айналдыру керектігін айтып,  құзырлы мекемелерге тиісті тапсырма берген болатын.

Бүгінде аталмыш нысанды жөндеу жұмыстары басталып кеткен.

Аумағы 300 шаршы метр аумақты алып жатқан нысанда болашақта бағзы заманнан бергі қазақ тарихының құнды жәдігерлері мекен табатын болады. Бір ғана Алтын адам ескерткішін сатып алуға 20 миллион теңге қаражат бөлініпті. Жалпы, нысанды қалпына келтіру жұмыстарына 164 миллион теңге қарастырылған. Дегенмен облыс әкімі музейдің қорын әлі де толықтыру қажет екенін ескертті.

— Экспонатарыңыз аз екен. Әлі де толықтыру қажет. Себебі, іргедегі Алакөлге жерлестеріміз ғана емес, бүкіл республикадан, тіптен шетелден қонақтар келіп, музейге де ат басын тірейтін болады. Сондықтан қонақтарға көрсетер дүниелеріміз барынша көп болуы керек,  — деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы, сонымен қатар егер мердігер компания құрылыс жұмыстарын кешіктірмейтін болса, бұл мақсатқа онда облыстық бюджеттен қосымша 250 миллион теңге бөлінетінін жеткізді.

Связанные Статьи