Қуыршақ театры – балаларға өнер дейтін өзгеше өлкенің бар екенін білдіріп, театр туралы түсінігінің қалыптасуына ықпалы ерекше. Жансыз қуыршаққа жан бітіріп, іс-қимыл арқылы көрерменін баулап алатын өнердің бұл түрі Семей қаласындағы физика –математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жатақхана тәрбиеленушілері арасында кең қанат жайып келеді. Қуыршақ театры құрылмас бұрын арнайы киімдер тігіліп, қойылатын спектакльдер анықталды.
Театрдың басты ерекшелігі- сахналық қойылымдардың дені ағылшын тілінде қойылады. Осы арқылы оқушылардың тіл байлығын дамытуды көздеген өнер ұжымы аз уақыттың ішінде өз көрермендерін тауып үлгерді. Негізінен 7 сынып оқушыларынан құралған театр жуырда сериялық «Алдар Көсенің көңілді оқиғалары» атты қойылымымен қаламыздағы № 7 «Ақбота» ясли –бақшасына барып, кішкентай балақайларды қуантып қайтты. Жас әртістер қатары артып келе жатқан өнер ұжымының сапарын бүлдіршіндер мен бала-бақша ұжымы жақсы қабылдады.
Аз уақыт ішінде үлкен қолдауға ие болған қуыршақ театры енді үлкен мақсат қойып, келесі кезеңді бағындыруды көздеп отыр.