2017-2018 оқу жылы басындағы тіркеу бойынша облыстағы 76 колледжде және екі музыкалық училищеде 35 мың студент техникалық және кәсіптік білім алуда.
Статистика департаментінің талдаулары көрсеткендей, аймақта бір жыл ішінде техникалық және кәсіптік білімі бар 11,6 мың маман даярланып шығып, соның 6,9 мыңы (түлектердің санының 59,1 пайыз жұмысқа орналастырылған көрінеді.
784 түлек (6,7 пайыз жоғары оқу орнында және колледжінде оқиды, сонымен бірге, ұлты қазақ колледж оқушыларының жалпы санының үлесі 68%-ды құрайды.
2017-2018 оқу жылы басында облыс бойынша сегіз жоғары білім беру мекемесі (университет, институт) және мекеменің дербес бөлімшелері жұмыс істеген. Студенттердің жалпы саны — 29 мың адам. Облыс статистерінің зерттеулері өткен оқу жылымен салыстырғанда облыста ЖОО студенттер саны 4,9%-ға (керісінше, облыста орта оқу орындарында оқитындар саны өткен оқу жылымен салыстырғанда 2,9%-ға кеміген) артқанын көрсетеді.
Колледж түлектерінің 17%-ға жуығы қызмет көрсету, экономика және басқару мамандықтарын игерген болса, 14%-ы білім, медицина және фармацевтика мамандығын, 10%-ы көлік пайдалану мамандығын игерген.