Өскеменде өткен «Би ырғақтары» республикалық байқауы мәресіне жетті

/uploads/thumbnail/20180606123912738_small.jpg

Өскемендегі Орталық мәдениет үйінде 12-13 мамыр күндері мүмкіндігі шектеулі жандардан құрылған би ұжымдары арасында VII республикалық байқау болып өтті. Оған Астана, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Тараз, тағы да басқа еліміздің 12 өңірінің талантты бишілері қатысып, би өнерінің құдіреті арқылы қалың көрерменнің қошеметіне бөленді.

Шараны ұйымдастырушы мүгедектер ұйымының басшысы Елена Анатольевна Баустың айтуынша, байқаудың алғашқы күнінде еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 120 өнерпаз сиқырлы да сырлы би өнеріндегі таланттарын ортаға салып, «Халықтық би» және «Заманауи би» аталымдары бойынша сынға түсті.

Байқау нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен жоғары кәсіби шеберлігі үшін ақтөбелік «Жалын», өскемендік «Мечта» би ансамбльдері 1-орын, мәдениет пен өнердің ордасы – Алматы қаласынан келген «Өрлеу» тобы мен семейлік «Биші арулар» тобы -2 орын, талдықорғандық «Жетісу» мен қарағандылық «Меруерт» ән-би ансамбльдері жүлделі 3 орынға ие болды.

Ал «Көктем» биімен көрермендерді өзіне баурап алған қостанайлық «Томирис» тобы Бас жүлдеге ие болып, республикалық байқаудың жеңімпазы атанды. Барлық жүлдегерлер мен жеңімпаз команда арнайы Кубок, Дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Шара ұйымдастырушылары өнерпаздарды көлікпен, тамақтандырумен және қаржылай қол ұшын берген «Казцинк» ЖШС, «Пицца блюз», «Бақыршық кен-байыту кәсіпорны», облыстық мәдениет және мұрағаттар басқармасы, «Нұр іскер» ЖШС, «Нұр Отан» партиясы филиалы, «Шығыс таңы» ЖШС сынды демеушілеріне алғыс айтты.

Связанные Статьи