Өскеменде «1000 сауда орыны» бағдарламасы іске қосылмақ

/uploads/thumbnail/20180606142037155_small.jpg

Астана қаласы әкімдігі «1000 сауда орны» бағдарламасын іске қосқан болатын. Енді осы бағдарламаның тәжірибесін Өскемен әкімдігі де қолданып көруді жоспарлап отыр. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазір қалада заңсыз көше саудасымен айналысып тұрған дүңгіршектер мен павильондар алынып тасталуда.

-Өскемендік кәсіпкерлерге 20 павильон ұсынылады. Ал онда сауда жүргізу құқығын аукцион арқылы ұтып алуға болады, — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Аталмыш бағдарламаның тиімділігі неде? Ол — шағын бизнеске демеу ретінде ұсынылған бағдарлама. Көшедегі сауданы ұйымдастыру үшін орын тапшылығына қатысты мәселені шешу мақсатында пайда болған десе де болады.

Осы бағдарламаның аясында кәсіпкерлерге көшедегі сауда үшін 1000 орын ұсынылып, оған бөлінген жер учаскесі бірден 7 жылға жалға беріледі екен. Сондай-ақ, бұл орындар нақты жерлерде белгіленеді және сауда қызметінің түрі, орындар саны мен нысанның мекенжайы көрсетіледі. Осы орайда ескерілген тағы бір маңызды мәселелердің бірі — барлық сауда нүктелері санитарлық және өртке қарсы талаптарға сай болады әрі қаланың келбетін де бұзбайды.

Айта кетсек, көше саудасының бекітілген түрлеріне жылжымалы асханалар, кофеханалар, нан-тоқаш, балмұздақ, газет, жемістер мен көкөністер сатуға арналған орындар, кәдесыйлар мен гүл сату дүңгіршектері жатады.

Связанные Статьи