Семейде интернационалист-жауынгерлер ескерткішіне гүл шоқтарын қойылды

/uploads/thumbnail/20180606151016176_small.jpg

Ауғанстан соғысы – барлық Қазақстандықтар үшін тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі. Бұл күнді ешкім де, ешқашан ұмытқан емес. Олай дейтін себебіміз осындан 29 жыл бұрын бөтен елдің мүддесін қорғаған Ауғанстандағы шектеулі контингент әскерлері құрамында Қазақстаннан 22 269 жауынгер интернационалдық міндетін атқарған болатын. Солардың ішінде 924-і сұрапыл шайқаста ерлікпен қаза тапса, ал 21 адам хабар-ошарсыз кетті, мыңдаған азамат түрлі жарақаттардың салдарынан мүгедек болып қалды. Сондай-ақ, Семейден 1185 жауынгер аттанып, 44-і елге оралмады . Біз осындай ерлік көрсеткен, майдан алаңында жаумен жаға жыртысқан жауынгерлерімізді әрдайым еске алып, ерекше құрмет көрсеткенде ғана ұлттық рухымыз асқақтай түсетіні сөзсіз.

Осыған орай, бүгін Отан қорғаушылар күні мен мен Жеңіс мерекесі күніне орайластырылып интернационалист-жауынгерлер ескерткішіне гүл шоқтарын гүл қою рәсімі өтті. Айтулы шараға қала әкімі Ермак Сәлімов, қарт ардагерлеріміз және де Семейдің бір топ белсенді жастары арнайы қатысып, Ауғанстан соғысында қаза тапқан семейлік жауынгерлерді еске алды.

—Ардақта ағайын, құрметті жерлестер7-ші мамыр Отан қорғаушылар күні құтты болсын. Бұл күн бейбіт елдің тыныштығын қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырып жүрген әрбір әскери қызметші үшін ерекше күн. Біздің отандастарымыз үшін бұл мереке батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны. Отан қорғау — әрбір қазақ азаматының қасиетті борышы. Барша жиналған қауымға зор денсаулық, отбасылық құт-береке тілеймін. Ел аман, жұрт тыныш, болашақ жарқын болсын , — деді Ермак Бидахметұлы.

Оставить комментарий

Связанные Статьи