Өскеменде тәртіп сақшылары ардагерлердің терезесінің алдында ән шырқады

/uploads/thumbnail/20180606152754660_small.jpg

Тәртіп сақшылары ардагерлерге  гүл шоқтары мен сыйлықтарынан бөлек музыкалық нөмірлер де дайындап келіпті. Өскемендік полиция гарнизонының қызметкерлерінен құрылған Ішкі істер департаментінің хоры майдангерлердің терезесінің алдында әскери жылдардың әндерінен попурри орындап берді. Риза болған ардагерлер оларға қосылып, бірге ән айтқан екен.

Аталмыш хор ШҚО Ішкі істер департаментінің мақтанышы болып табылатынын айта кету керек. Шығармашылық ұжым 2010 жылы ҚР Ішкі істер министрі генерал-полковник Қалмуханбет Қасымовтың бастамасымен құрылған еді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи