Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыстың аяқталғанына 73 жыл өтіпті. Ел үшін қолдарына қару алып, майданның алдыңғы шебінде қанқұйлы жаумен шайқасқан дана қарияларымыз күннен-күнге азайып барады.
Соғыс алаңында жаумен жаға жыртысқан жауынгер ардагерлерімізді ұмытпай, олардың ерліктерін жоғары бағалағанда ғана ұлттық рухымыз асқақтай түсетіні сөзсіз. Жылда Жеңіс күні қарсаңында өңір басшылары аталарымыз бен апаларымызды құттықтап, қомақты қаражат соммасы мен сыйлықтарын ұсынып жатады. Биыл да бұл үрдіс жалғасын тауып, қала әкімі Ермак Сәлімов пен бірқатар лауазымды тұлғалар қаламыздағы төрт ардагерді Жеңіс мерекесімен құттықтап, , әрқайсысына 500 мың теңгенің сертификатын табыс етті.
100-ші атқыштар дивизиясының жауынгері болған, бүгінде 95 жасқа аяқ басып отырған Атамбай Оразбаев, 14 жасынан бастап әскери госпитальде майданда зардап шеккендерге медициналық көмек көрсеткен Екатерина Краснянская, 8-ші сынып бітіре салысымен елін қорғауға аттанған Абдрашит Ишмухаметов, соғыс кезінде екі рет жарақат алса да, өжеттік пен батырлықтың үлгісін көрсеткен Александр Атавин сұрапыл кезеңдегі естеліктерімен бөлісіп, барша құттықтап келген азаматтарға өздерінің ризашылықтарын білдірді.
Оставить комментарий