Қазақстанға заңсыз өткен өзбекстандық алты айға қамалды

/uploads/thumbnail/20180205200949858_small.jpg

Өзбекстан Республикасының азаматшасы Қазақстанның территориясына заңсыз өткені үшін алты айға бостандығынан айырылды.

Азаматша Бейнеу ауданындағы мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтіп, темір сымның қоршауларын бұзғаны үшін қамалды. Бұл жайында Маңғыстау облысы соты хабарлады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 392-бабының 1-бөлігіне сәйкес, Бейнеу аудандық соты Өзбекстан Республикасының азаматын кінәлі деп таныды.

Сот Өзбекстан азаматшысы Т. Маңғыстау облысының Бейнеу ауданы аумағында темiр сымның қоршауларын бұзып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткенін анықтады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 392-бабының 1-бөлімі бойынша Т. сот қаулысы бойынша кінәлі деп табылды және оны бес жыл мерзімге Қазақстан Республикасынан шығарып тастап, алты айға бас бостандығынан айырды, деп хабарлады Маңғыстау облыстық соты.

Связанные Статьи