Маңғыстау облысында жеңіл көлік жанып кетті

/uploads/thumbnail/20180611111158423_small.jpg

Маңғыстау облысында Жаңаөзенге жақын жерде бетпе-бет соқтығысқан автокөлік түгі қалмай жанып кетті, зардап шеккендер бар.

Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, жол апаты 10 маусымда 20:00 кезінде болған.

Lexus ES 330 ылдиға шыға бере, алдындағы көлікті озбақ болып, қарсы беттік қозғалыс жолағына ауысады. Салдарынан Lexus қарама-қарсы келе жатқан Toyota Avalon көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Avalon көлігі отқа оранып, түгі қалмай жанып кетті, деп хабарлайды "Лада".

Связанные Статьи