Жәния Әубәкірова консерватория ректоры қызметінен босатылды, - деп хабарлайды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Өкімімен Жәния Яхияқызы Әубәкірова Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Жәния Әубәкірова аталмыш оқу орынын 1997 жылдан бері басқарып келді.
Айта кетейік, бұған дейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында қомақты қаражаттың қолды болуына байланысты дау-дамай туған еді. "Qamshy" ақпарат агенттігінде осы оқиғаға қатысты "Консерваториядағы "концерт":200 млн теңгені ұрлаған кім?" тақырыбында мақала жарияланды. Аталмыш оқу орнының қаржы және экономикалық мәселелер жөніндегі проректоры Ботакөз Көпбаева Жәния Әубәкірованы ірі көлемдегі қаржының жоғалуына қатысы бар деп айыптаған болатын.