Кулматов адвокаты Сергей Слесаревтің айтуынша, қылмыстық іс туралы сотта ғана естіген. Сот отырысында прокурор қылмыстық істің 14 маусымда қозғалғанын хабарлаған.
Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Кулматовқа қарсы қозғалған екінші қылмыстық іс мәліметтерін хабарлады. Комитет ақпараты бойынша, 1995 жылы Кулматов КСРО төлқұжатын жоғалтуына байланысты Ресей азаматының төлқұжатын алған. Дегенмен 1996 жылы КСРО төлқұжаты жоғалды деген сылтаумен Қырғызстан азаматтығын заңсыз түрде алған.
2001, 2003 және 2013 жылдары Кулматов төлқұжат ауыстырған. Тергеу бұны төлқұжат үстеліндегі қызметкерлерді шатастыру үшін жасалған деп есептейді.
Бүгін Бішкек қалалық соты Кулматовқа қарсы бірінші іс бойынша күдіктіні қамауда қалдырды, сол арқылы Бірінші мамыр аудандық сотының шешімін күшінде қалдырды. Кулматовты ҰҚМК қызметкерлері 5 маусымда тергеу кезінде қамауға алған.
Кулматовқа 18 мамырда "жемқорлық" айыбы тағылды. Оның үйінде тінту жүргізіліп, мүлкіне арест қойылды.
Тергеу нұсқасы бойынша, Кулматов 2014 жылы Бішкек мэрі болып тұрғанда 2 млн доллардың грант қаражатын заңсыз жұмсаған. Бұл ақша Бішкек ЖЭЦ-ін жөндеуге бөлінген.
Кулматов өзіне тағылған айыптармен келіспей отыр.
Оставить комментарий