Бұның алдында, 19 маусымда тараптар қырғыз-тәжік шекарасын делимитациялау және шекаралас аудандарда жанжалға жол бермеу мәселелерін талқылады. Бүгінгі келіссөздер де сол форматта өтеді.
Кездесу барысында делегациялар екі мемлекеттің көлік және коммуникация, мәдениет, сауда және экономика, су энергетикасы салалаларындағы қарым-қатынасты дамыту мәселелерін қараған.
Бұған дейін хабарланғандай, 9 маусымда Қытайда Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті аясында Қырғызстан мен Тәжікстан президенттері Сооронбай Жээнбеков пен Эмомали Рахмон кездесіп, шекара мәселесін тезірек шешу туралы келісімге қол қойды.
Оставить комментарий