Иранда белгілі режиссер Қанат Бейсекеев ұсталды

/uploads/thumbnail/20180622122038905_small.jpg

Иранда қазақтар туралы деректі фильм түсіріп жүрген белгілі режиссер, сценарист әрі оператор Қанат Бейсекеев ұсталды. Бұл туралы PR-маман Әлішер Елікбаев өзінің телеграм парақшасында жариялады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Ол бұл елде фильм түсіріп жатыр. Енді Ирандағы қазақтар туралы фильм шыға ма, жоқ па - белгісіз. Сол жақта жүргеніне біраз уақыт болды. Енді ғана естіп отырмын. Жағдайдың мән-жайын білмеймін.  Бұған дейін ол Моңғолиядағы қазақтар туралы фильм түсірген, кейін Өзбекстанға барып, сондағы қазақтар жайлы фильм түсірді, енді Иранға барған", - деді Әлішер Елікбаев.

PR маманының айтуы бойынша Бейсекеевтің бірнеше мың доллар тұратын құрал жабдықтары тәркіленген.

 

Gorgan, Iran Day 2

Публикация от kana (@beisekeyev)

 

Связанные Статьи