Оралда қоқыс шығару тарифі өсті

/uploads/thumbnail/20180625172600634_small.jpg

Орал қаласы  бойынша  тұрмыстық  қатты қалдықтарды жинауға, шығаруға және көмуге арналған тарифті бекітілмек. Бұл туралы Орал қалалық тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Миржан Нұртазиев былай деген болатын.

– Күні бүгінге дейін тұрмыстық қатты қалдықтар тарифі әр адамға 115 теңгені құрады. Жаңа әдіс бойынша есептеу жүргізгенімізде кісі басына бұл баға – 380 теңгені құрады. Бірақ әлеуметтік жағдайды ескеріп, тарифті төмендеттік. Қазір көпқабатты үй тұрғындары үшін жаңа тариф адам басына – 215теңгені, ал жеке тұрғын үйлер үшін – 219 теңгені құрап отыр. Тұрмыстық қалдықтард ы  жинау, шығаруға арналған тариф құны бір текше метрге 705 теңгені құрайды. ТҚҚ көму – 1 текшеметрі 160 теңге,– дейді аталмыш бөлім басшысы.

Орал таза қала саналғанымен, көптен бері полигон мәселесі шешілмей келе жатқан болатын. Қазір бұл мәселе де қолға алынған. Тұрмыстық қатты қалдықтар тарифі қалада 2008 жылдан бері өзгермеген. Енді бағаны көтеруге тура келген.

– «Орал Таза Сервис» ЖШС шығыны көп кәсіпорын. Жұмысшылардың жалақысы бес жылда 30 пайызға ғана көтерілді, бұл аралықта нарықтағы баға 3-4 есе өсті. Қазақстанның өзге қалаларында қоқыс шығару бағасы бір адамға 175-500 теңге аралығында. Біз республикалық деңгейден төмен тариф бекіттік, – дейді Орал қаласының  әкімі Мұрат Рахметұлы.

Орал  қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы  Альмира Төлегенованың айтуынша, биыл шаһар бюджеті 1100000 мың теңгеге көбейген. Аталмыш қаражаттың негізгі бөлігі қаланың алты көшесін күрделі  жөндеуге  бағытталып отыр.  Сондай-ақ  жол қозғалысы қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуде үдемелі технологияны қолдануға – 200 059 мың теңге, қала көшелерін жарықтандыруды жаңғыртуға – 173 166 мың теңге, қала санитариясын қамтамасыз етуге – 269 282 мың теңге, «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын  жаңғырту » бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйлерді жөндеуге – 62 672 мың теңге, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша цифрлық сауаттылыққа оқытуға – 13 829 мың, инженерлік желілерге құқық белгілейтін құжаттарды дайындауға – 12 500 мың, қаланың үш ауданы бойынша ТЖЖ әзірлеуді аяқтауға – 73 034, жобалық-сметалық құжаттамалар сараптамасына – 10 304 мың теңге бағытталған. Белгіленген  өзгертулер есебімен қалалық бюджет 41 466 267 мың теңгені құрайды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи