Кезекті үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Шымкент қаласы мен Түркістан облысының әкімдеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Сағынтаев жуырда ғана мемлекет басшысының Түркістан облысын құрып, Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала статусын беру туралы жарлығын еске салды.
"Президенттің жарлығы бойынша осы өңірлерге әкімдер тағайындалды. Жансейіт Түймебаев Түркістан облысының әкімі, ал Ғабидолла Рахматоллаев Әбдірахымов Шымкент әкімі болып тағайындалды. Біз сіздерді құттықтаймыз. Сіздерді үлкен міндеттер күтіп тұр. Сондықтан жұмыстарыңызға табыс тілейміз", - деді министр Сағынтаев.
Естеріңізге сала кетейік, 19 маусымда Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысы құрылатыны жөнінде заңға қол қойған болатын.