Елбасы Геннадий Головкинді «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапаттады. Бұл жайында Геннадий Головкин өзінің Instagram парақшасында жазды.
"Бүгін Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапаттады. Нұрсұлтан Әбішұлына жан-жақты қолдау үшін алғысымды білдіремін. Мен үшін Қазақстан намысын әлемнің үздік ареналарында қорғау - үлкен мәртебе", - деп жазады боксер.