Атырау облысы бойынша 185 ағылшын тілін үйрететін арнайы жазғы лагерьлер ашылады

/uploads/thumbnail/20170816145250453_small.jpg

Атырау облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша ауылдық жерлерде ағылшын тілін үйренуге қолайлы орта қалыптастыру жұмыстары да қолға алынған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі тілшісі. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаевтың жергілікті басылымдарға берген сұхбатында белгілі болды. 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша ауылдарда ағылшын тілін үйренуге қолайлы орта қалыптастыруға және елімізде еріктілер қозғалысын дамытуға басымдық берілді. Осыған орай ағылшын тілін еркін меңгерген 500 қазақстандық және шетелдік жас ерікті түрде ауыл мектептеріне жіберіліп, олар арнайы құрылған клубтарда жергілікті жастарға тіл үйрететін болады. Жоба аясында  биылғы 21 маусымынан бастап аймақта ағылшын тілін үйрететін арнайы  185  жазғы лагерь өз жұмысын бастайды.

«Үштілділікке көшу» жобасына Жылыой ауданының  Жаңа Қаратон кентіндегі №23, Индербордағы Көктем, Аққыстау селосындағы Аққыстау, Мақат аудандағы Хамза Санбаев, Құрманғазы ауданындағы Бегалиев, Махамбет ауданының Сарайшық селосындағы Қарашаұлы, Атырау қаласындағы Фариза Оңғарсынова атындағы орта мектептер мен Миялыдағы №1 мектеп-гимназиясы қатысады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи