Шелек ауылында үш адам газдан уланып қаза тапты (видео)

/uploads/thumbnail/20180703103958898_small.jpg

Алматы облысы Шелек аулының орталық ауруханасында қанды қайғылы оқиға болып, үш адам қаза тапты. Бұл жайында Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Оқиға 2 шілде түскі уақытта орын алған. Орталық аурухананың қызметкерлері кәріз жүйесін тексеріп жүрген кезде газдан уланып қалған. Салдарынан екі сантехник пен бір медицина қызметкері көз жұмды.

«Куәгерлердің айтуынша, ең алдымен құдыққа 1967 жылғы ер адам түсіп бара жатып құлап кеткен. Оны шығарып алу үшін 1969 жылғы ер адам түсіп, ол да есінен танып қалған. Оларға көмек көрсету үшін  түскен екі дәрігер де өздігінен құдықтан шыға алмаған. Оларды құтқару тобы шығарып алған. Улы газдан екі сантехник қаза тауып, бір медицина қызметкерлері ауыр жағдайда реанимацияға түскен», - дейді Алматы облысы әкімдігі.

Кейінірек бір дәрігердің көз жұмғаны белгілі болды.

Связанные Статьи