"Қажыгелдин билікте болған кезіндегі қателіктерін айтты"

/uploads/thumbnail/20180704131300934_small.jpg

Әкежан Қажыгелдин келесі президент сайлауына қатыспайтынын айтқан, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы бүгін «Жаңа Қазақстан» форумының баспасөз мәслихаты барысында саясаткер Дос Көшім мәлімдеді.

– «Менің үлкен қателіктер жасаған кезім болды» деп Қажыгелдин өзінің өкінішін білдірді. Мен оған сыйластықпен қарадым. «Біз демократияның туын ұстап кететін адам емеспіз. Жасым 65-ке  келді. Осында отырып Қазақстанның  жағдайын жақсартуға, Конституцияны жаңартуға, өзгертуге шамам келгенше көмектесейін, бірақ лидер болмаймын» деп ашығын айтты», - деді Дос Көшім Қажыгелдинмен оңаша әңгімелескен сәтін еске түсіріп.

Дос Көшімнің айтуынша, Әкежан Қажыгелдин «Жаңа Қазақстанның» бір мүшесі болып қала бермек, алайда елге қайтар ойы жоқ.

Айта кетейік, бүгін "Жаңа Қазақстан" форумы баспасөз мәслихатын өткізді. Жиын барысында саясаткерлер Вашингтонға сапарларының нәтижесін айтып, журналистердің сауалдарына жауап берді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи