Алматыда Астананың 20 жылдығына орай бос орындар жәрмеңкесі өтті

/uploads/thumbnail/20180704171315249_small.jpg

Астана қаласының 20 жылдығына орай бүгін Алматыдағы Аратта «Мүмкіндіктер уақыты» атты бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Аталмыш шараны Алматы қаласының әкімдігімен бірлесе отырып Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырды.

Алматы

Бос орындар жәрмеңкесінің мақсат – мүдделі жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілерді жұмысқа орналастыру, халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша азаматтарға кеңестер беру, мүмкіндіктерді жариялау – жұмысқа орналастыру, қызметкерлер таңдау, кәсіптік бағдарлау мен оқыту және жұмыссыз азаматтарды қолдау мәселелеріне назар аударту болып табылады.

Алматыда өткен «Мүмкіндіктер уақыты» атты бос орындар жәрмеңкесіне бір мыңнан аса бос жұмыс орындарын ұсынатын 150 жұмыс еруші қатысты.

Сонымен қатар, бүгінгі шарада Астананың мерейтойының қарсаңында қала тұрғындары мен қонақтары тәтті торттан дәм татып, Астана күнін тойлауды бастап кетті.

Алматы

Арбат алаңында қала тұрғындары мен қонақтарға мерекеге тарту ретінде 20 метрлік торт пен 500 кг палау тарту етіліп, мыңдаған адам дәмнен ауыз тиді.

Кең ауқымда өткен жәрмеңкеде Астана мен Алматы тарихынан сыр шертетін фотокөрме ұйымдастырылды. Мерекелік шара аясында ұйымдастырылған фотокөрмеде жәрмеңкеге келушілер 9 отандық суретшінің 30-ға жуық туындысын тамашалады. Олардың арасында Астананың 10 жыл бұрынғы көріністері де орын тапты.

Мерекелік шараны тамашалауға келген қонақтар, сонымен қатар, концерттік бағдарламаны тамашалады. Еліміздің жас таланттары бүгінгі мерекелік шарада өз өнерлерін көрсетіп, Астанаға құттықтау тілектерін жеткізді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи