ҚР БҒМ Ғылым комитеті М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер Институты 2018 жылдың 4 шілдесінде Қазақстан астанасы Астананың 20 жылдығына арналған «Елорда – ұлттың рухани жаңғыру астанасы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Жиынға әдебиеттанушы, өнертанушы мамандар қатысып, Қазақстан әдебиеті мен өнеріндегі Астана қаласының образы, астаналық туындыгерлердің шығармашылығы туралы ғылыми ой-тұжырымдарымен бөлісті. Конференция модераторы, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты директоры, ҚР ҰҒА академигі Уәлихан Қалижанов жиынды кіріспе баяндамасымен бастады. У.Қалижанов баяндамасында Астана қаласының жаһандық деңгейдегі геосаяси мәртебесіне тоқталып, рухани-эстетикалық жаңғырудың заманауи моделі ретіндегі мәдени-көркемдік рөлін айқындады. Жазушы, институттың бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Н.Ақыш, институттың Театр және кино бөлімінің меңгерушісі, өнертану кандидаты А.Мұқан және М.Тәшімова, А.Ахметова, А.Кенжеқұлова, Е.Қуатбекұлы, А.Мұратқызы, А.Еспенова сынды магистр, докторанттар әдебиет, бейнелеу, театр, кино, кескіндеме, музыка өнеріндегі Астана бейнесін суреттеген туындыларға шолу жасап, үздік шығармаларға ғылыми-теориялық талдаулар келтірді.
Дүниежүзіне Қазақстан астанасы ретінде танылған жас қала – Астананың әсем келбеті рухани құндылықтардың қайнаркөзі ретіндегі көркем өнер туындыларының жарық көруіне негіз болуда.
Оставить комментарий