Астанаға Назарбаевтың есімін беру қайта ұсынылды

/uploads/thumbnail/20180515145329997_small.jpg

Бұл жолы Астананың атауы Нұрсұлтан Назарбаев деп ауыстыруды тұңғыш ғарышкер әйел Валентина Терешкова ұсынды.

"Астанадай тамаша қаланың тұрғындарын, бүкіл қазақстандықтарды осы бір айтулы күн – қаланың 20 жылдғымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл Нұрсұлтан Назарбаев салған қала. Астана деп емес, президенттеріңіздің есімімен атау керек деп санаймын. Біз ол кісіні қатты жақсы көреміз, біздің президентіміз Владимир Владимирович Путин мен Нұрсұлтан Әбішұлының достық қарым-қатынаста болғанын мақтан тұтамыз. Өте қуаныштымыз", — деген екен Терешкова Sputnik тілшісіне Мемлекеттік думаның Астанаға жұмыс сапары кезінде.

Айта кетейік, 2016 жылы қазақстандық депутаттар Қазақстан тәуелсіздігінің  25 жылдығы декларациясында елорданы Қазақстанның тұңғыш президенті есімімен атауды ұсынған болатын. Астананың атауын өзгертуге екі нұсқа болды: "Нұрсұлтан" немесе "Назарбаев". Мемлекет басшысы бұл идеяны қолдамады.

Бұл бастама 2017 жылы қайта көтерілді. Парламент депутаттары тағы да Астананы Елбасының құрметіне атауды ұсынған. Алайда идея ол жолы да қолдау таппады.

Ал сол жылдың желтоқсанында президент күні қарсаңында Алматыдағы Фурманов көшесіне Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді.

Связанные Статьи