Алматыдағы Қазақстан қонақүйінде республикалық семинар-тренинг өтті

/uploads/thumbnail/20180725173902892_small.jpg

Holiday Inn халықаралық мейрамханасында және Қазақстан қонақүйінде республикалық семинар-тренинг өтті. Семинарға 14 облыстан және республикалық маңызы бар қалалардан Дін істері департаментінің басшылары, оларға бағынышты кәсіпорындардың басшылары, сонымен қатар, дін саласындағы Қазақстан Республикасының ғылыми және білім беру мекемелерінің жетекші сарапшылары қатысты.

Бұл шараны “Алматы қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының” тапсырмасымен Social Development Center әлеуметтік қоры мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ұйымдастырды.

Семинардың бағдарламасы мынадай форматта өтті: бірінші күні – пікірсайыс, семинар, тренинг, екінші күні –  семинар қатысушыларына арналған шеберлік-сыныбы, тренинг және мәдени бағдарлама.

Республикалық семинардың жетекші спикерлері – Алматы қаласы әкімінің орынбасары Қырықбаев Арман Оразбайұлы, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі – Арын Берік Сақбайұлы және ҚР Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі – Ғалым Шойкин Нұрмағамбетұлы болды. Тренерлер мен семинар қатысушыларына тәжірибелі азаматтар баяндама жасады. Атап айтсақ: Философия ғылымдарының докторы, профессор – Косиченко Анатолий Григорьевич, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, философия ғылымдарының докторы – Сейхатхетова Наталья Львовна, PhD доктор, рационалистік теология саласындағы маман – Челидзе Расим Алиевич және «Ансар» консультативтік-сауықтыру орталығының директоры, теолог – Сабдин Асқар Қалымжанұлы өз баяндамаларын таныстырды.

Республикалық семинардың екінші күні  толықтай мастер-кластар мен тренингтерге арналды. Барлық тіркеу жұмыстары мен қатысушыларды екінші күннің бағдарламасымен таныстыру жұмыстары біткен соң сөз сарапшыларға берілді. «Білім» оқу-мәдени орталығының директоры – Иржанов Руслан Самарханович, First Coach кәсіби спикерлерді дайындау орталығының негізін қалаушы – Қанатов Аслан, сонымен қатар, саясаттанушы – Сарым Айдос Әміроллаұлы және «Эксклюзив» журналының шолушысы, саясаттанушы – Жұмалы Расул да өз пікірлерімен бөлісті.

Іс-шараның ресми жабылуы Алматы қаласы Дін істер департаментінің басшысы – Айсенбеков Айдар Рахымжанұлының семинарға қатысушыларға сертификаттарды салтанатты түрде тапсыруымен аяқталды.

Тренингтің соңғы күнінің бағдарламасы бойынша қатысушылар өз қалауымен Алматы қаласының тарихи музейіне, Д.Қонаевтің үй-музейіне экскурсия жасап, Медеу спорт комплексіне баруына болады.

Связанные Статьи