Алматыда қазақстандық туристерге 5 негізгі бағыт ұсынылады

/uploads/thumbnail/20180806144840788_small.jpg

Алматыда «Демалыста екеуімiз Алматыға жетермiз!» ұранымен туристер мен Қазақстанның өңірлерінен келген қонақтарды демалыс күндері мен каникулдарын мегаполисте өткізуге тарту бағытындағы ауқымды республикалық акция басталды.

Акция 5 негізгі бағытты алға тартып отыр: адам аяғы баспаған табиғат, ойын-сауық және түнгі өмір, көрікті жерлер, гастрономия және сауда.

Алматы

Бұл саяхатқа шығу үшін Алматыны таңдау мүмкіндігін алға жылжытуға бағытталған екінші ақпараттық толқын. Біріншісі қала тұрғындарына арналып, «Қалаңызды жақсы біліңіз!» деп аталды.

Алматы

«Біз «Демалыста екеуімiз Алматыға жетермiз!» шарасын мамыр айының соңында іске қостық, ал ол қыркүйек айында аяқталады. Бұл кезең кездейсоқ таңдап алынбады, өйткені жаз - демалыстар мен каникул күндері. Бұған қоса, ішкі туристердің 70% мамыр айынан қазан айына дейін келеді.

Алматы

Сонымен қатар, бұл қала тұрғындарымен бірге бүкіл қыркүйекке созылатын Қала күнін мерекелеу үшін тамаша мүмкіндік.

Біз барлық қазақстандықтарды еліміздің әртүрлі аймақтарынан Алматыға келуге шақырамыз, барлық өзгерістер мен жаңалықтарды тамашалайсыз, оның ішінде Панфилов көшесіндегі атақты жаяу жүргіншілер көшесінің бойымен серуендейсіз», - деді Visit Almaty Туристік ақпараттық орталығының директоры Камила Лұқпанова.

Алматы

Спикер түсіндіргендей, науқан дегеніміз көзге көрінерлік безендіруден бастап туристік өнімдерге дейін кешенді іс-шараларды көздейді.

 «Алматы бұрынғысынша тау туризмінің орталығы, қарқынды демалыс, мәдениет, сауда және гастрономиялық туризм орталығы болып табылады. Бұл шын мәнінде бірегей орын, мұнда барлық табиғи аймақтар үйлескен: таулар, көлдер, далалар, шөлдер. Мысалы, біздің өңірде «Алтын Емел» ұлттық саябағы бар, ол өзінің марстағыдай тауларымен және ерекше әуендететін барқанымен ерекшеленеді. Сондай-ақ бізде Көлсай, Қайыңды, Есік, Үлкен Алматы көлдері бар.

Алматы

Біздің өңірде барлық нәрсенің әртүрлілігі соншама, бұл тізімді ұзақ уақыт бойы жалғастыруға болады. Сондықтан біз қазақстандық туристердің ел ішінде толыққанды демалыс өткізгенін қалаймыз», - деп қорытындылады К.Лұқпанова.

 

Visit Almaty ТАО – бұл Алматы қаласының Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы жанында құрылған ақпараттық орталық, ол туристтерге Алматы және Алматы агломерациясында уақыт өткізу мүмкіндіктері туралы ақпаратты күнделікті ұсынады. Орталықтың міндеттері – туристік өнімдерді халықаралық және ішкі нарықтарда алға жылжыту. Visit Almaty жұмысының маңызды бөлігі туристік әлеуетті алға жылжыту жөніндегі жобаларды жүзеге асыру, рейтингтер, өңірдің бәсекеге қабілеттілігі және туризмнің даму мүмкіндіктері талдауын жүргізу, сондай-ақ осы салада зерттеулер жүргізу болып табылады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи