Француз азаматшасы асырап алған қазақ бала Шымкентке келді (видео)

/uploads/thumbnail/20180811102929643_small.jpg

Шоқан есімді бала Шымкентте дүниеге келген. Қазір оның Мерхиор деген екінші есімі бар. Ол Франция астанасы Парижде тұрады. Шымкенттегі мамандандырылған бөбектер үйіне 11 жылдан кейін келіп отыр.

Шоқанның анасының айтуынша, Шоқан етті жақсы көреді. Айранды да сүйсініп ішіеді екен. Алайда Францияда бұл өнімді табу қиын көрінеді.

Шоқанды асырап алған анасы оның есімін өзгертпей, екінші ат берген. Оның шыққан тегін, туған жері туралы да айтқан. Шоқан тарихи отанын көргісі келгендігін айтқанда, анасы қарсылық білдірмеген.

Олар Астанада болған. Қазір Шымкентте. Келесі аялдама – Түркістан екенін айтады.

Шоқанның анасының айтуынша, Францияда асыранды қазақ балалар көп. Олар бірігіп қазақ тілін үйреніп жүр. Бастапқы кезде қазақ тілі мұғалімін табу қиынға соққан. Қазір балаларды Францияда білім алып жатқан қазақстандық студент оқытып жатыр.

Оставить комментарий

Связанные Статьи