"16 жастағы жігіт құлдықта": полиция тексеру жұмыстарын жүргізді

/uploads/thumbnail/20180723153307284_small.jpg

Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасы Алматы қалалық ІІД қызметкерлері отандық ақпарат агенттіктерінің бірінде "16 жастағы Павлодар тұрғыны құлдықта" деген ақпарат жарияланғаннан кейін, ақпараттың  рас, өтірігін өтірігін анықтау үшін тексеру жұмыстарын жүргізді. Бұл жағдай сотқа дейінгі тексеру реестірінде ҚР ҚК 126 бабы бойынша тіркелді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұйымдасқан қылмыстық топқа қарсы күрес басқармасы Алматы қалалық ІІД павлодарлық әріптестеріне тергеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Тексеру жұмыстары нәтижесінде баладан түсініктеме алынды.  Оның айтуынша, ол үйден қашып кетіп Алматыға жұмыс істеу үшін келген. Бір жарым ай бойы жігіт күніне 3-4 сағат жұмыс істеген. Осы уақыт аралығында қонақ үйде тұрған.

Жігіт  ешкім оны күштеп ұстамағанын айтты. Физикалық және моральдық қысым көрмеген.

«Ақпарат жалған болғандықтан, тергеу жұмыстары тоқтатылады. Алайда ҚР ҚК 274 бабының 2 бөлігі бойынша шындыққа жанаспайтын ақпарат таратылғаны үшін сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталады. Аталмыш қылмыс үшін бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу, дәл осы соммаға жұмысқа тарту немесе үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған» дейді Алматы қалалық ІІД өкілі.

Связанные Статьи