Мәскеуде 4-ші қабаттан құлаған Томирис Байсафаның анасы инстаграм парақшасында қызына басты нәрсені үйретпегенін жазды.
«Өзім үшін Томирис туралы көп жазамын. Жазғанымды оқыған сайын ана ретінде мақтана алатынымды, балама барлығын үйреткенімді түсіндім. Томирис тағамды дәмді дайындайтын, үй жұмысына пысық болды. Спортпен шұғылданды, роликте, конькиде кәсіби түрде сырғанай алатын. Жақсы билейтін, домбырада ойнайтын, бірнеше тілде сөйлеп, үлкендерді сыйлайтын...Бірақ мен оған басты нәрсені үйретпеппін. Өзін қорғауды. Кез келген түсініксіз жағдайда абай болу, жағдайды сараптау, қауіпті жерден, әңгімеден, ұрыстан сақтануды. Балаларыңызды сақ болуға үйретіңіз!..Дениспен дәл осындай қайғылы жағдай болды. Ол өзін сақтай алмады. Мәселе айнада емес...Оның жеке меншігіне қол сұғылды. «Ешкім біреудің затын ала алмайды» деп ойлады ол. Томпи де (Томирис) оның жеке территориясына біреу баса көктеп кіреді деп ойламады. Сондықтан балаларыңызды өзіне қамқор болуды үйретіңіздер. Өзіңізді анаңыз, сүйіктіңіз, балаларыңыз үшін сақтаңыз» деп жазды Жанна Ахметова.
Айта кетейік, жақында Томирис Байсафаның анасы іс Ресейдің Мәскеудегі тергеу басқармасының тергеу комитетіне жіберілгенін хабарлаған.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың сәуір айында Томирис Байсафа Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының 4-ші қабатындағы дәрісхананың терезесінен құлап кеткен.
1997 жылғы Томирис таңғы 4.00-те қайтыс болды. Тергеушілер сәуірде аталмыш іске қатысты қылмыстық іс қозғаған. Тергеушілердің мәліметінше, қыз бірден ауруханаға жеткізілген. Қайғылы оқиға 13 сәуірде болды.
Томирис халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасының 4-ші курсында оқыған. Ол үзіліс кезінде терезеден құлап кеткен. Бейресми ақпаратқа сәйкес, оны итеріп жіберген.
Оставить комментарий