Астанада Қабанбай батыр даңғылы жартылай жабылады

/uploads/thumbnail/20180816181119400_small.jpg

Спорт күнін атап өтуге байланысты, сенбі күні яғни 18 тамызда сағат 08:00-ден велошеру өткізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Велошеруге қатысушылардың жол бағыты «Салтанат сарайынан» бастау алып Қабанбай батыр даңғылы бойымен «Астана Арена» стадионына дейін жалғаспақ. 

Осыған байланысты Қабанбай батыр даңғылы бойындағы Қараөткел көпірінен (Рамстор) Бұқар жырау көшесіне дейінгі учаскеде («Астана Арена» стадион) автотранспорт құралдарының қозғалысы шектелетін болады.

Осы мақсатта қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін астана тұрғындары мен қонақтарына жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды ұсынады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи