Қуандық Бишімбаев Шымкенттегі түрмеге ауыстырылды

/uploads/thumbnail/20180314162534268_small.jpg

Ұлттық экономика министрлігінің бұрынғы басшысы Қуандық Бишімбаевты Астанадағы түрмеден оңтүстікке қарай алмастырды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Еуразия" телеарнасының дерегін негізге алып. Экс-министрді қашып кетеді деп ойласа керек, оны тасымалдау кезінде Ұлттық гвардияның оннан астам сарбазы күзетіпті.

Бұрынғы шенеунік жазасын енді Шымкенттің іргесіндегі Ленгер қаласында  орналасқан түрмеде өтейтін болады. Бұл - аса қауіпті қылмыскерлерді ұстайтын қатаң режимдегі колония. 1976 жылы салынған ғимарат 500 сотталушыға лайықталған.

Түрменің Астанадағы түрмеден айырмашылығы жоқ, бай-бағландар үшін де ешқандай жағдай жасалмаған. Мұнда адам өлтіргені, зорлағаны үшін және ірі көлемде қаржы ұрлағаны үшін сотталғандар жазасын өтейді.

Қуандық Бишімбаевтың өзі Шымкенттің тумасы болғандықтан және туған-туыстарының осы қалада тұратындықтан үшінші мегаполиске көшіріліпті. 

Еске салайық, Ұлттық экономика экс-министрі биыл наурыз айында 10 жылға сотталған болатын. Оған бірнеше рет пара алды және сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салды деген айыптар тағылған.

Оставить комментарий

Связанные Статьи