Мәжіліс депутаттары Түркістан облысына барды

/uploads/thumbnail/20180823163330355_small.jpg

Мәжіліс депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Берік Оспанов, Дархан Мыңбай, Уалихан Қайназаров Түркістан облысының, Түркістан қаласына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Депутаттар индустриалды аймақ «Гран Микс»  ЖШС жиһаз шығаратын өндіріс орнының қазіргі тыныс-тіршілігімен танысты. Сондай-ақ,  қала әкімі аппаратында сәулет және қала құрылысы бөлімінің ұжымымен кездесіп, болашақ жоспарлар бойынша пікір алмасты.

Халық қалаулылары Ораңғай ауылында орналасқан құс фабрикасында болды.

Әрбір жүздесуде, Елбасының маңызды әлеуметтік бастамалары төңірегінде кеңінен әңгіме қозғалып, оларды заңнамалық тұрғыдан қолдау жұмыстары айтылды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи