«Өзге мемлекеттерге қарағанда, өз елімізде демалу әлдеқайда жақсы, тиімді». Мұндай пікірді Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөніндегі отырысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты. Елбасының сөйлеген сөзінен үзіндіні КТК арнасының жаңалықтар бөлімі көрсетті.
«Мен әлемнің түкпір-түкпірін араладым. Мемлекеттер мен елдердің 251 басшыларымен кездестім. Енді, олар өзгерді, ал мен қалдым, сол себепті саны осындай көп. Содан осындай қорытындыға келдім, өзге жерден гөрі өз елімізде демалған жаксы», - дей келе президент Ақтаудағы Каспий теңізін мысалға алды.
«Бізге тиіп тұрған Ақтауды алып қаралық. Бір кездері Ресей президенті Владимир Путин теңізге барды. Сонда былай деген еді: «Тыңдашы, мұндай таза, тұнық суды көрген емеспін», - деп мемлекет басшысы естеліктерімен бөлісті.
Тағы бір айта кетерлігі, сол күнгі кездесуде Назарбаев «үнемі ұйқыда жүретін» мемлекеттік қызметкерлерді де сынға алған. «Бір бөлімде 15 адам қызмет атқарады, терлеп-тепшіп жұмыс істейтіні үшеу ғана», - деп әсіресе құқық қорғау органдарының жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді. Бұға қоса «полиция қызметкерлерін түгелдей жұмыстан босатып, заңгерлерді шақырған» Грузияны мысал етті.
Оставить комментарий