14 жастағы жеткіншек рингте қайтыс болды (видео)

/uploads/thumbnail/20180827161330503_small.png

14 жастағы спортшы Қырғызстанның Токмок қаласында кикбоксингтен өтіп жатқан жарыста қайтыс болды деп хабарлайды Turmush.

Сайыс 17-19 тамыз аралығында өтті. Спортшы рингке Ош облысының атынан шыққан. Оның қарсыласы да 14 жаста болған.

Куәгерлердің айтуынша, бірінші раундтың басында кикбоксерлер бір-біріне қатты соққы жасамады.

«Спортшы кезекті соққыдан кейін шетке қарай ығысты да құлап қалды. Дәрігерлер балаға дереу медициналық көмек көрсетті. Бірақ бала есін жимады. Осыдан кейін жедел жәрдем шақырылды. Алайда жедел жәрдем кешіккендіктен,  басқа көлікпен ауруханаға жеткізілді. Қатты соққы алмағандықтан баланың қайтыс болып кеткеніне қатты таңғалдық» дейді сайысқа келген көрермендердің бірі.

Токмок қалалық спорт мектебінің директоры Кубан Идиновтың айтуынша, баланың басын қарағанда оның бұған дейін жарақат алғаны анықталған.

«Халықаралық турнирге спортшылар республиканың барлық облысынан келді. Барлығы талапқа сай болды. Сарапшылар баланың басында турнирге дейін жарақаты болғанын анықтады. Баланың денесін әкесі алып кетті» дейді Идинов.


Жеткіншекке қатысты қажетті сот-медициналық сараптама жүргізіледі. Қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Связанные Статьи