28-30 тамызға арналған ауа райы болжамы

/uploads/thumbnail/20180601125835143_small.jpg

Алдағы үш тәулікте республиканың көптеген облыстарында күн күркіреп, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Елдің солтүстік және орталық облыстарында ауа температурасы климаттық нормадан 2-3°С төмен болады. Ал шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста суық атмофералық фронттардың өтуіне байланысты ауа температурасы төмендейді және нормадан 1-3°С төмен болады.

Қазақстанның батысында және оңтүстік-батыста Кіші Азия аймағынан ыстық ауа әкелетін  тропосфералық ағындардың әсерінен, ауау райы ыстық және жауын-шашынсыз болады. Температура плюс 28…35°, кей жерлерде плюс 40°С болады деп күтіледі.

Связанные Статьи