«Алматытелеком» өңірлік телекоммуникация дирекциясы 895 мың ақылы қызмет көрсетеді
Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте «Алматытелеком» ӨТД бас директорының орынбасары, В2В сегментінің коммерциялық директоры Ошурбаев Бақтияр Әсенұлы айтты.
Оның айтуынша, «Алматытелеком» өңірлік телекоммуникация дирекциясы жергілікті, қалааралық, халықаралық телефон қызметтерін, iD Net және Megaline брендтері арқылы интернетке кеңжолақты қатынау қызметін, iD TV – интерактивті телевидения қызметін, iD Phone - SIP телефония қызметін, зияткерлік байланыс, ақпараттық-анықтама және конвергирленген қызметтер, «Отбасылық шешім» топтамасындағы ұтқыр байланыс қызметтерін, әмбебап нөмір, LTE технологиясы негізінде iD Net Wireless сымсыз интернет және т.б. қызметтерді ұсынатын «Қазақтелеком» АҚ ең ірі филиалы болып табылады.
«Алматытелеком» ӨТД Алматы қаласы телекоммуникация қызметін пайдаланушыларына 895 мың ақылы қызмет көрсетеді.
Есеп беру кезеңінің қорытындысы бойынша 01.07.2018 ж. жағдай бойынша Алматы қаласы интернет қызметін пайдаланушылардың жалпы саны 249 мың. абонентті құрады, оның ішінде iD NET оптикалық қызметін 153 мың. абонент немесе 25% үй шаруашылығы қолданады. iD TV қызметін пайдаланушылар саны 180 мыңнан 209 мыңға артты. Бүгінгі таңда тіркелген телефония қызметін пайдаланушылар саны 436 мыңды құрайды.
«Қазақтелеком» АҚ өз пайдаланушыларына Алматы қ. 200 мың абоненті қолданатын Антивирус, ата-ана бақылауы, БҚ жалға алу, iD TV Online, HD арналары және т.б. секілді жаңа қызметтерді ұсынады. Тұрғындар арасында құрамында тиімді бағамен 19 қызмет кіретін «Vip» топтамалық шешім сұранысқа көп ие болып отыр.
Компания қызметтеріне Алматы қаласы бойынша 500 мыңнан астам үй шаруашылығы қол жеткізді. 2017 жыл мен 2018ж. 1-жартыжылдығы аралығында қолданыстағы деректерді беру жабдығын жалпы сыйымдылығы 10,5 мың портқа кеңейту жүргізілді, тұрғындарды КЖҚ мен интерактивті телевидения қызметіне қол жеткізу мақсатында, жалпы сыйымдылығы 19,5 мың портқа GPON жаңа технологиясы (оптика әрбір үйге) бойынша желіні дамыту мен кеңейтуге 468 млн. теңге инвестиция салынды.
iD Net брендімен оптика әрбір үйге – бұл қолданыстағы мыс желілерді талшықты оптика желілеріне ауыстырыу және дамыту, бұл арқылы абоненттерге «жоғары жылдамдық», жоғары трафик», «жоғары мүмкіндік» беріледі. iD Net — бұл жылдамдығы 1 Гбит/с-қа дейінгі лимитсіз интернет. Бұл әрбір қазақстандық отбасына: цифрлы теледидар, ақылды телефон, ақылды үй, бейнебақылау және т.б. сияқты қосымша мүмкіндіктер сыйлайды.
Абоненттерге телекоммуникация қызметтерін дамыту мен қосу жұмыстары, оның ішінде ТК қызметтеріне 12 айға жылдық келісім-шарт жасау арқылы топтамалық қосу мүмкіндігімен телекоммуникация қызметтерінің толық спектрін ұсыну, Алматы қаласы барлық аудандарында қарқынды жүргізілуде.
Жылдық келісім-шарт – бұл ең алдымен қызметтерді пайдаланушылар үшін үлкен пайда, яғни, бір жылға тіркелген абоненттік төлем, тиімді үнем, біржолғы төлеммен топтамада қызметтердің кең спектрі- деп сөзін аяқтады Б.Ошурбаев.