Алматыда «Жол картасының» таныстыры­лымы өтті

/uploads/thumbnail/20180829125114240_small.jpg

Алматыда мемлекеттік қызметкерлер үшін ұйымдастырылған  семинарда кәсіп­одақтар қызметін реформалау аясында  әзірленген «Жол картасының» таныстыры­лымы өтті. Құжатта  әлеуметтік әділеттілік пен серіктестік  принциптерін дамыту, әлеу­меттік-еңбек қатынастарын жақсарту, кәсіподақтарды  нығайту және біріктіру жөнінде  ережелер  сипатталған.

Алматы кәсіподақтары ұйымы осы­лайша, бірқатар қол қойылған меморан­дум­дардың арқасында, мегаполис  азамат­тарының  лайықты еңбек ету құқығын, қызметкерлер мен олардың отбасы мүше­лерінің  өмір сапасын  арттыруды, жалақы­ны, зейнеткерлік және әлеуметтік төлем­дерді  уақытылы  жасауды, бизнесті дамы­туды, тұрақты жұмысбастылыққа қол жеткізуді, еңбек нарығының икемділігін, салауатты қауіпсіз жағдай  қалыптасты­руды қамтамасыз ететін  әлеуметтік-эко­но­микалық саясатты  жүргізуді мақсат етеді.

«Ұжымдық шарттардың  ережелерінде  әлеуметтік шиеленісті   төмендету туралы, жұмыскерлердің  құқықтары мен мүдде­лерін қорғаудың қосымша кепілдіктері жөнінде шаралар белгіленген. Сондай-ақ, Ұжымдық шарттарға салауатты және қауіпсіз  еңбек пен тұрмыс жағдайларын ұйым­дастыру, еңбекті қорғау және қауіп­сіздік жөніндегі  шараларды қаржылан­дыру көлемі, денсаулық қорғауды  жақсарту туралы   ережелер де  енгізілген. Сондық­тан да  кәсіподақтар қабылданған ұжымдық шарттардың санын көбейту мен сапасын арттыру  аясында  жүйелі жұмыс жүргізіп келеді», — деді  өз  сөзінде «Алматы қала­сы­ның Кәсіподақ орталығы» аумақтық  кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Зәуреш Өмірбаева.

Төраға бүгінгі  күні  ұжымдық шарт­тармен қамтылу деңгейі Қазақстан бойын­ша бар жоғы   34 пайыз екендігіне тоқтал­ды. Ендігі жерде  әлеуметтік-еңбек  қаты­настарының  заманауи сипаты мен әлемдік талаптарға сай  келетін әлеуметтік және еңбек  шарттарының  жаңа формалары дайындалуда. Әлеуметтік-өндірістік  про­цес­тердегі ұжымдық шарттардың орны мен сапасын, рөлін арттыру —  кәсіподақтар  жұмысының басты аспектісі болып қала береді.

Кәсіподақтар әлеуметтік серіктестік аясында  жұмыс берушілермен  жұмыс орын­дарын сақтау мәселесін де басты назарда ұстап отыр. Қазіргі кезде Қазақ­станда  жұмыс орындарын сақтау туралы, еліміз бойынша  2,8 миллион  жұмыскер­лерді қамтитын  115 мыңнан астам  меморандумдарға қол қойылған.

«ҚАУІПСІЗ  ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ

Бұл ретте  қаланың  кәсіпорындары мен ұйымдарында  еңбек қауіпсіздігін қамта­масыз етуге айрықша көңіл бөлініп отыр. Кәсіби ауруды, өндірістік жарақат алып қалу деңгейін төмендетуге, өндірісте адам өліміне әкелетін  қайғылы жағдайларды болдырмауға және  еңбек қауіпсіздігін жақ­сартуға, өмір ұзақтығын  ұлғайтуға, тұрғындардың денсаулығын сақтауға   бағытталған «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасы  бекітілгенін айтқан З.Өмірбаева Өндірістік кеңестердің маңыздылығын да атап өтті:

«Жыл сайын  бір жарым мыңнан астам адам  өндірісте жарақат алады, жүздеген адамдар қайтыс болады.  Осы мақсатта  еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігі  жөнін­дегі  Өндірістік кеңес құру туралы жұмыс жүргізілуде. ҚР Еңбек Кодексінде  Өндірістік кеңес  туралы арнайы ереже бар екенін еске сала кеткім келеді. Кәсіподағы бар  барлық ұйымдарда  Өндірістік кеңес­тер құрылған. Ке­ңес еңбекті қорғау талапта­рын қамтамасыз ету, өндірістік жарақат алу­дан, кәсіби  ауруларға ұшы­раудан  сақтандыру, ескерту бағытында жұ­мыс істейді, техникалдық инспекторлар арқылы  жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі талап­та­рының сақталуын тек­серуді ұйымдастырады».

Кәсіпорындарда жарақат алу деңгейін төмендету мақсатында  ҚР Кәсіподақтар федера­циясы 2018 жылды  «Қа­уіпсіздік және еңбекті қорғау жылы» деп мәлім­деді. Бұл бастама  қауіпсіздік пен еңбекті қорғау  саласында  еңбек заңдылығын сақтауға  қоғамдық бақылауды күшейту мақсатын көздейді.

Сонымен бірге, Кәсіподақ орталығы  әлеуметтік серіктестерімен бірлесе отырып, «Өнімді жұмыспен қамту мен  жаппай   кәсіпкерлікті» дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға арналған шаралар ұйымдас­тыруда. Бұл бағдардың мақсаты —  өнімді жұмыспен қамтылу жобасына ықпал ету, тұрғындарды  кәсіпкерлікке тарту, тиісті, қажетті жағдай туғыза отырып, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға, жұмыс­сыздарға  кірістерін көбейтуге көмектесу. 

«ЕҢБЕК  ШАРТЫН  ЖАСАҢЫЗ» АКЦИЯСЫ

2018 жылдың наурызынан бастап  2019 жылдың желтоқсанына дейін  «Еңбек шартын жасаңыз» атты республикалық акция өтуде. Акцияның мақсаты – жасы­рын жасалатын әрі заңсыз еңбек қатынас­тарын болдырмау, айғақтау, «құпия шарттар­ды» қысқарту, азаматтардың еңбек ету саласындағы  өз құқықтары туралы сауатын ашу.

Алматы кәсіподақ орталығында «сенім телефоны» жұмыс істейді,  «Мега», «Про­менад», №12 қалалық клиникалық ауруха­на,  №21 емхана, Алмалы аудандық  зейнетақы төлеу орталығы»  және тағы басқа да бірқатар халық көп жиналатын жер­лерге  «Сенім жәшіктері»  орналасты­рылған. ҚР  Кәсіподақ федерациясының база­сында күнделікті 9.00—18.00 аралы­ғында Қоғамдық қабылдау ұйымдасты­рылып, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының  Қоғамдық  қабылдауы әр айдың алғашқы сей­сенбісін­де, 15.00—17.00  аралығында  осы мәселелер бойынша азаматтарды қабыл­дайды.

«Көптеген кәсіпорындарда  келісім комиссиялары құрылмаған. Жеке дау-дамайды шешуге  дұрыс көңіл бөлінбеген, мән берілмеген жағдайда  ол ұжымдық  нара­зылыққа ұласып, үлкен еңбек шиеле­нісіне әкеліп соғуы әбден мүмкін. Міне, осы тұрғыда, келісім комиссияларын құруда, жұмыскерлердің құқығын қорғау мен сақтауда, кейде жағдай ушығып кеткенде  екіжақты ымыраға  келтіру мәсе­лесінде кәсіподақтардың рөлі зор  болмақ», — деген  түсінік берді спикер. Оның айтуын­ша, шиеленістерді  сотқа дейін шешу мақсатында  арнайы  «Татуласу орталығы»  құрылған. Онда кәсіподақтар, Алматы қаласының медиаторлары, Халықаралық құқық қорғау орталығының,  Медиацияны дамыту орталығының мамандары,  «Кәсіби медиаторлар»  қоғамдық бірлестігінің өкіл­дері, қаладағы басқа да медиаторлар жұмыс істейді. Жоба даулы, шиеленісті мәселе­лерді  сот және құқық қорғау органдарын араластырмай-ақ, бір алаңда жолығу арқылы  өзара  келісіммен шешуге бағыт­тал­ған азаматтық қоғамдағы   қарым-қаты­настың жаңа пәлсапасын қалып­тастырады. Азаматтарға  медиатор, адвокат, сот орын­даушысы, нотариус, психолог  және әкімдіктің  әлеуметтік  сала мамандарының қызметі   бір алаңда  көрсетіледі.

Алматы  кәсіподағы  жұмысының тағы бір бағыты – жастармен жұмыс. Жастарды кәсіподақ қатарына жұмылдыра отырып, оларға   жұмысқа орналасуына, талабына, білімі мен білігіне сай лайықты жалақысы бар жұмысқа тұруына, жақсы білім мен  сапалы дәрігерлік көмек алуына, мазмұнды да тағылымды демалысын ұйымдастыруға көмек береді.

Связанные Статьи