Мұрат Оспанов миллиард штрафты төлеу үшін алты ай сұрады

/uploads/thumbnail/20170708173922835_small.jpg

Астана қаласы, Есіл аудандық №2-ші соты төрағасы Ұбайдолла Қошанов мызра АРЕМ-нің экс-төрағасы Мұрат Оспановқа миллиардттаған айыппұлдарын өтеу үшін алты ай мерзім берді, деп хабарлайды "Қамшы" порталы.

26 наурыз күні сот төрағасы Ұбайдолла Қошанов мырза Мұрат Оспановтың қорғаушысы  көрсеткен "айыппұлды өтеу мерзімін алты айға дейін ұзарту" туралы өтінішін қанағаттандырған. Сот үкімі шешім шығарылған  15 күннің ішінде заңды күшіне енетін болады.

Естеріңізде болса, Қазақстандағы антимонополиялық басқарманың бұрынғы басшысына қатысты миллиард айыппұлды өтеуге міндеттелгені туралы шешім 3 наурыз күні күшіне енген болатын. Ал 13 ақпан күні парамен ұсталған АРЕМ-нің экс-басшысы Мұрат Оспановқа 1 миллиард 101 миллион 60 мың теңге көлемінде айыппұл кесілген еді. ҚР Конституциясында көрсетілшгендей айыпталушы өзіне қатысты кесілген үкімгі көңілі толмаса, қайта қарауға талап етуге құқылы болған. Алайда сот төрағасының мәліметінше, Оспанов өзінің бұл мүмкіндігін қолданбаған.

Оспановқа тағайындалған үкім бойынша ол айыппұлды 1 ай мерзімінде, яғни 3 ақпанға дейін өтеуі тиіс болған.  ҚР жаңа Қылмыстық кодексінде көрсетілгендей егер айыпталушы айыппұлды төлеуден жалтаратын болса, мұның аяғы бас бостандығынан айырумен аяқталады делінген.

Ескерте кетейік, қызметтік бабын асыра пайдаланып, парамен ұсталған Мұрат Оспановтың ендігі жерде өмір бойына мемлекеттік жоғары қызметтер атқаруына шектеу қойылған. Сондай-ақ, Оспановтың барлық дүние-мүліктерін тәркілеу туралы шешім шыққан.

Ал Оспановтың ісін қараушы сот төрағасы Ербол Рахимбеков ҚР Президентінен Оспановтың барлық мемлекеттік наградаларынан айыруды сұраған.

Нұрзат Тоғжан

Связанные Статьи