Елбасы "Селфи" жасауды әдетке айналдырды

/uploads/thumbnail/20170708173930394_small.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы  Оралда өткен "Жастар форумынан" кейін бір топ спорт және өнер жұлдыздарымен бірге сельфи жасады. Бұл осымен Еласының әлеуметтік желілерге таралған үшінші сельфиі болып тіркелді.

image21595736_40f8c58ee4123aaeddb58dd4e3f29464

Форум барысында Елбасымен бірге сельфи жасаған жұлдыздардың қатарында Мая манеза, Серік Сәпиев, Сәбина Алтынбекова, Нұрлан Қоянбаев т.б. да бар. Бір қызығы, Мая Манеза мен Серік Сәпиевтер ұялы телефонына сельфи жасауды ұйғарса, Ильия Илин арнайы фотоаппараттың көмегіне жүгінген. Елбасынан жастармен бірге сельфи жасауды әдеттегідей Ильия Илин өтінген. "Нұрсұлтан Әбішұлы, есіңізде ме, мен өткен жолы сельфи деген суретке түсуді өтініп ем ғой. Енді сондай суретті Қазақстан жастарымен бірге жасасақ қалай болады?",-деп сұраған Ильинге Елбасы "Саған бәрі болады",-деп жымиған.

image21595736_1b91e0df65a1f4b2f807b2ce1598873e

Бұл осымен Елбасының үшінші сельфиі болып тіркелген. Алғаш рет, он ай бұрын, Ақорданың ресми "Instagram" парақшасында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Малайзия премьер-министрі Наджиб Тун Разак мырзамен жасаған сельфи суреті жарыққа шыққан болатын. Одан Тәуелсіздік күні қарсаңында Елбасы ауыр атлетикадан 4 дүркін әлем чемпионы, 2 дүркін олимпиада чемпионы Ильия Илинмен бірге сельфи жасаған еді.

image21595736_f8c0a60ab7a513f3afdb8b0102d1e006

Нұрзат Тоғжан

Связанные Статьи