Бір ай бұрын түрмеден шыққан ер адам ауыр жарақаттан қайтыс болды

/uploads/thumbnail/20180110105230472_small.jpg

Петропавлдағы 1-қалалық аурухананың инфекция бөлімінде ер адам қайтыс болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі pkzsk.info сайтының дерегін негізге алып. 

Ер адам 27 қыркүйекте бас-ми жарақатымен, жоғары дене қызуымен ауруханаға түскен. Кейін оның 10 қыркүйекте түрмеден босап шыққаны белгілі болды. 

Дәрігерлер оған бас-ми жарақатынан бөлек менингит болуы мүмкін деп диагноз қойған. Алайда күтпеген жерден дәрігерлер науқастың қанынан менингококк инфекциясы шықпағанын мәлімдеді.

"Минингококк инфекциясы анықталмады. Науқас бас-ми жарақаты салдарынан қайтыс болды деп мәлімдеді СҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Арман Күшбасов. 

9 қазан күні өткен жиында ер адамның ауруханада қайтыс болғаны айтылды.

Связанные Статьи