"Роскосмос" агенттігі Халықаралық ғарыш станциясына бет алған “Союз МС-10” кемесінде штаттан тыс жағдай болғанын хабарлады. Агенттіктің дерегінше, авариялық құтқару жүйесі іске қосылып, экипаж мүшелері Қазақстан аумағындағы ұшу трассасына қонған.

Ол Twitter-де "Аварияның себебін анықтау үшін мемлекеттік комиссия құрылды. Ол жұмысына кірісіп те кетті. Телеметрия зерттеліп жатыр. Құтқару қызметі аварияның алғашқы сәтінен бастап жұмыс істеп жатыр. "Союз-МС" кемесінің авариялық құтқару жүйесі штатты жағдайда іске қосылған. Экипаж құтқарылды" деп жазды
