Жақында М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрында "Қамшы" ақпараттық порталының ұйымдастыруымен "Қазақ хандығына 550 жыл" атты мерекелік концерт өткен еді.
Кешке еліміздің іші-сыртынан қонақтар келіп қатысқан болатын. Қазақ елінің дамуы жолында жанын арының садағысына айналдырғын азаматтарға "Қазақ хандығына 550 жыл" мерекелік медаль табысталып, қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары Рамазан Стамғазиев бастаған, Өмірқұл Айниязов, Жанболат пен Жазира, Алаш ұлы т.б. өнер жұлдыздары залға лық толы көрерменге тамаша көңіл күй сыйлаған. Аталмыш концертті Алматы арнасы толық түсірген болатын.
Бүгін сағат 14:15-те "Алматы арнасы" Қамшы порталының ұйымдастыруымен өткен "Қазақ хандығына 550 жыл" мекерекелік концертінің толық нұсқасын назарларыңызға ұсынады. Қапы қалмаңыздар!