Алматыдан 558 шақырым жерде жер сілкінді

/uploads/thumbnail/20171015102912809_small.jpg

Қазанның 14-і күні Астана уақытымен сағат 11:16 кезінде Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 558 шақырымда жер сілкінді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығының дерегін негізге алып.

4,9 магнитудалы жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, жердің 30 километр тереңдігінде болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11.0.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Связанные Статьи