Сәуір айынан бастап қазақстандықтарға сыйақы мөлшерлемесі 4%-бен несиелер беріле бастайды. Осы мақсатта үкімет 15 млрд теңге қаржы бөліп отыр. Бастапқы болжам бойынша, бөлінген қаражат 6 мың автокөлікті сатып алуға жетеді екен. Бастысы, мемлекет мұндай қаржылық демеуді тек отандық автокөлікті алатындар үшін ұсынады.
Бір ескеретіні, номинал мөлшерлеме 4% болғанымен, жылдық тиімді мөлшерлеме 7,5%-ға дейін жетуі мүмкін. Мөлшерлеме барлық сақтандыру төлемдерін қамтиды. Сатып алатынкөліктің құны 5,6 миллион теңгеден (30 мың АҚШ доллары) аспауы тиіс. Осылайша, автокөліктің орташа құны 3,5-4 миллион болса, несие көлемі шамамен 3-3,5 миллион теңге болмақ. Бастапқы жарна көлік көлемінің 20%-нан аспауы қажет. Несие 3-5 жылға беріледі.
Қазақстан конвейерлерінен шыққан жеңіл автокөліктерді тамашалаңыз. Жақын арада отандық кроссоверлер, жол талғамайтын көліктерді және минивендерді таныстырамыз.
KIA Picanto
Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі — 1,0 л, 1,2 л және 1,6 л; отын шығыны — 4,2..5,3л/100 км (аралас цикл); күші — 69 а.к. және 85 а.к.; басқару қорабы — автомат/механика.
Комплектация/баға: Classic — 1 787 000 теңге; Comfort — 2 039 000 теңге; Luxe — 2 557 000 теңге, Prestige — 2 699 000 теңге.
KIA Rio HB
Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі — 1,4 л; отын шығыны — 5,7..6,5 л/100 км (аралас цикл); күші — 107 а.к. және 85 а.к.; басқару қорабы — автомат/механика.
Комплектация/баға: Base — 2 526 000 теңге; Comfort — 2 793 000 теңге; Luxe+ — 2 984 000 теңге, Prestige — 3 167 000 теңге.
Skoda Rapid
Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі — 1.2 л, 1,4 л және 1,6 л; отын шығыны — 5,8..7,5л/100 км (аралас цикл); күші — 75-105-122 а.к.; басқару қорабы — автомат/механика.
Комплектация/баға: Active — 2 436 000 теңге; Ambition — 3 003 000 теңге; Elegance — 3 312 000 теңге.
Елімізде Skoda Rapid-тің Spaceback деген үлгісі шығарылады, бағасы — 3 038 000 теңге.
Peugeot 301
Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі — 1,6 л; отын шығыны — 6,5 л/100 км (аралас цикл); күші — 115 а.к.; басқару қорабы — автомат/механика.
Комплектация/баға: Active — 2 367 000 теңге; Allure — 3 629 000 теңге.
Peugeot 408
Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі — 1,6 л; отын шығыны — 6,2..8,9 л/100 км (аралас цикл); күші — 110-120-150 а.к.; басқару қорабы — автомат/механика.
Комплектация/баға: Access — 2 738 000 теңге, Active — 3 852 000 теңге; Allure — 3 202 000 теңге.
Geely SC-7
Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі — 1,8 л; отын шығыны — 7,9 л/100 км (аралас цикл); күші — 127 а.к.; басқару қорабы — механика.
Комплектация/баға: Comfort GS — 2 000 000 теңге, Comfort Plus GS+ — 2 088 000 теңге; Prestige GS New — 2 099 000 теңге, Prestige — 2 199 000 теңге.
Geely GC 6
Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі — 1,5 л; отын шығыны — 6,5 л/100 км (аралас цикл); күші — 94 а.к.; басқару қорабы — механика.
Комплектация/баға: Comfort — 2 000 000 теңге, Comfort — 2 177 000 теңге.
Chevrolet Aveo
Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі — 1,6 л; отын шығыны — 7,6 л/100 км (аралас цикл); күші — 115 а.к.; басқару қорабы — автомат/механика.
Комплектация/баға: LS — 2 645 000 теңге; LT — 2 993 000 теңге.
Chevrolet Cruze
Cruze Қазақстанда 2010 жылдың мамырынан бері жиналып келеді. Қазақстандық нарықта С-класында сатылымы ең жоғары автокөліктердің қатарында.
Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі — 1,6 л және 1,8 л; отын шығыны — 6,4..6,8л/100 км (аралас цикл); күші — 141 а.к.; басқару қорабы — автомат.
Комплектация/баға: Седан — 2 525 000 теңге; Универсал — 2 560 000 теңге; Хэтчбэк — 3 279 000 теңге.
Қазақстанда Chevrolet Cruze-нің Cruze SW және Cruze HB деген үлгілері шығарылады, бағалары сәйкесінше 3 255 000 теңге және 3 758 000 теңге.
KIA Ceed
Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі — 1,4 л және 1,6 л; отын шығыны — 6,1..6,4л/100 км (аралас цикл); күші — 100-130 а.к.; басқару қорабы — автомат/механика.
Комплектация/баға: Classic — 3 098 000 теңге; Comfort — 3 239 000 теңге; Luxe — 3 815 000 теңге, Prestige — 4 153 000 теңге; Premium — 4 337 000 теңге; Premium — 4 667 000 теңге.
Қазақстанда KIA Ceed-тің Ceed SW және Pro Ceed деген үлгілері шығарылады, олардың құны сәйкесінше 3 630 000 теңге және 4 170 000 теңге.
KIA Cerato
Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі — 1,6 л және 2.0 л; отын шығыны — 6,5..7,2л/100 км (аралас цикл); күші — 130 а.к. және 161 а.к.; басқару қорабы — автомат/механика.
Комплектация/баға: Base — 2 535 000 теңге; Luxe — 3 335 000 теңге, Premium — 3 885 000 теңге.
Елімізде KIA Serato-ның Cerato Koup деген үлгісі шығарылады, бағасы — 4 650 000 теңге
Hyundai Elantra
Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі — 1,6 л, 1,8 л және 2,0 л; отын шығыны — 6,9..9,6 л/100 км (аралас цикл); күші — 107-132-141 а.к.; басқару қорабы — автомат/механика.
Комплектация/баға: GL — 3 110 000 теңге; GLS — 3 460 000 теңге, Optima — 3 890 000 теңге, LUX- 4 290 000 теңге.
Skoda Octavia
Еліміздің аумағында шығарыла бастаған алғашқы еуропалық көлік.
Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі — 1,2 л — 1,6 л — 1,8 л; отын шығыны — 5,0..6,7л/100 км (аралас цикл); күші — 105-180 а.к.; басқару қорабы — автомат/механика.
Комплектация/баға: Active — 3 352 000 теңге; Ambition — 3 700 000 теңге, Elegance — 4 000 000 теңге.
Қазақстанда Skoda Octavia-ның Octavia Combi және Superb Combi деген үлгілері шығарылады, олардың құны сәйкесінше 4 050 000 теңге және 4 325 000 теңге
Peugeot 508
Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі — 1,6 л; отын шығыны — 5.7..6.2 л/100 км (аралас цикл); күші — 150 а.к.; басқару қорабы — автомат.
Комплектация/баға: Active — 4 409 000 теңге; Allure — 4 502 000 теңге.
Hyundai i30
Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі — 1,6 л; отын шығыны — 6,4..6.8 л/100 км (аралас цикл); күші — 120 а.к.; басқару қорабы — автомат.
Комплектация/баға: Classic — 3 740 000 теңге, Optima — 3 940 000 теңге, LUX- 4 600 000 теңге.
Chevrolet Malibu
Cruze Қазақстанда 2010 жылдың мамырынан бері жиналып келеді. Қазақстандық нарықта С-класында сатылымы ең жоғары автокөліктердің қатарында.
Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі — 2.4 л; отын шығыны — 8,4л/100 км (аралас цикл); күші — 167 а.к.; басқару қорабы — автомат.
Комплектация/баға: Base — 4 418 000 теңге; LS — 4 784 000 теңге; LT- 5 096 000 теңге; LTZ- 5 609 000 теңге.
KIA Optima
Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі — 2,0 л және 2,4 л; отын шығыны — 7,0..8,1 л/100 км (аралас цикл); күші — 165 а.к. және 180 а.к.; басқару қорабы — автомат/механика.
Комплектация/баға: Comfort — 4 100 000 теңге; Business — 4 600 000 теңге, Business+ — 5 250 000 теңге; Sport — 5 750 000 теңге.
Көліктердің бағалары қазақстандық дилерлердің ресми сайттарынан алынды.
















