Елбасын қолдайтын Парламент "Көші-қон" туралы заңды қабылдағаны жөн

/uploads/thumbnail/20170708174055533_small.jpg

26 сәуір - елімізде кезектен тыс Президент сайлауы өтеді.  Президент сайлауы болады дегеннен бастап дайындықтар басталып кетті. Жер-жерде үгіт-нәсхат жұмыстары жалғасуда. Бұл сайлауға шет ел азаматы болып жүрген 5 миллион қазақ та елеңдеп, ел ертеңіне алаңдап, ұлт көшінде жүк қалтырмас нар тұлғасының елге басшы болуын қалап отыр.

Жақында ғана «Қамшы-ақпарат» порталы «Қазақ хандығының 550 жылдығын» ел көлемінде үлкен меркелік шарамен тойлап, елдің іші-сыртынан қазақтың нар қасқа азаматтарын шақырып, ұлты үшін жасаған еңбектерінің марапатын берген еді. Бұл шараға ҚХР-да тұратын қандасарымыз да арнайы келді. Ол кісілер «Қазақ хандығының 550 жылдық» медалімен марапатталған ұлт қайраткерлерінің ішінде мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов мырза барын естіп, кездесіп жатсақ сырттағы ел тілегін ауызба-ауыз айтармыз деп қатты қуанған еді. Өкінішке орай, Нұртай мырза сайлауға байланысты жұмыстарының қарбаластығымен бұл шараға келе алмады.

Шеттегі ағайынның айтар сәлемі үкімет 8 ай жасап, парламенттің 3 ай қарап әлі бір шешімін шығара алмаған «Көші-қон туралы» заңға жасалатын өзгертулер мен толықтырулар еді. Шеттегі ағайын бұл жолғы ел Президентін сайлауға үлгеріп қатыса алалмасақ та, сайлауға дейін заң қабылданып Елбасымыздың қолы қойлып, келер жылғы Парламент сайлауына өз дауысымызды беретіндей күнге жетсек дейді.

Иә, бұл сырттағы 5 миллион қазақ пен ел ертеңіне алаңдап отырған барша қазақтың тілегі. "Мәңгілік ел" мұратымызға жету жолында бізге әр қазақ қымбат, «әр қазақ біздің жалғызымыз». Тәуелсіз елімізді түрлі ішкі-сыртқы алабөтен күштерден қорғау үшін қазақтың сандық және сапалық жағынан артуы маңызды. Сан болмай, сапа болмайтыны тағы анық. Сондықтан ел ертеңіне маңызды шешімдер жасалғалы жатқанда осындай келелі істерді бірге атқарып кеткен жөн болар.

Денсаулық Сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әзірлеген заң жобасы осы жылдың 6 қаңтарында Парламент табалдырығын аттаған еді. Бір оқылымнан соң аздап сын-пікірлер айтылған соң ұшты-күйлі жоқ болды. Шынында, бұл заң Парламент пен Үкіметтің арасында шақпылап жүріп жоғалып кетпесе игі. Ал, іштегі және сырттағы қандас ағайын көші-қон туралы заң жайлы хабарды әр таң сайын елеңдеп күтіп отыр.

Қазақтың ұлы көшін 23 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастап еді. Ал бүгін сол көш Парламенттің қолында тұр. Алда сайлау, Парламент Елбасымыз Н. Назарбаевты шынымен қолдаса, көп күттірмей «Көші-қон туралы» заңды Президенттің сайлау алды бағдарламасы ретінде қабылдап, сайлауда Елбасымызға өз қолдауларын білдіруі керек.

Тұрдыбек Құрметхан

Связанные Статьи