"Жарқын болашақ" жеңімпаздарына 8 университет 29 білім грантын табыстады

/uploads/thumbnail/20170708174103086_small.jpg

Жақында Астана қаласында «KATEV» Халықаралық қоғамдық қорының ұйытқы болуымен жыл сайынғы "Жарқын болашақ" қазақ тілі олимпиадасы мәресіне жетті. Бұл туралы "Қамшы" порталы хабарлайды.

Биыл жетінші рет өткізіліп отырған "Жарқын болашақ" қазақ тілінен білім бәйгесінің ақтық мәресінде Қазақстанның облыстары мен аймақтарынан келген 7-11 сынып оқушылары 5 конкурс бойынша, яғни, тілші-әдебиетшілер, әнші-бұлбұлдар, жас ғалымдар, сөз шеберлері және жазушылар бағыттары бойынша бақ сынасты.

MBA_8352

Биылғы Республикалық олимпиаданың қорытынды бәсекесіне жүзден жүйрік, мыңнан суырылып шыққан 171 оқушы қатысып, білім бәйгесінен оза шауып, жүлдегер атанған оқушыларға олимпиадалық медаль және бағалы сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, Жүлделі 1, 2, 3 орын иегерлеріне еліміздегі беделді саналатын ЖОО-ның 29 білім гранттары табыс етілді.

MBA_8432

Үш күнге созылған білім бәйгесінің қорытынды гала-концерті Астана қаласында "Қазмедиа" орталығында өтті.

"Жарқын болашақ" қазақ тілі олимпиадасының жабылуы салтанатына ҚР Парламенті депутаттары мен қоғам қайраткерлері, Қазақстанның облыстарынан арнайы келген қонақтар мен алыс-жақын шет елдерден сыйлы меймандар қатысты. Сондай-ақ, білім олимпиадасының жабылуы салтанатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Н.Иманғалиев мырза сахна төріне шығып, ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Б.М.Сапарбаевтың құттықтау хатын жеткізді.

MBA_8532

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Связанные Статьи