Кенияда содырлар шабуылынан 147 адам қазатапқан

/uploads/thumbnail/20170708174129999_small.jpg

Соңғы кездері әлемдік БАҚ беттерінде түрлі  террористік топтардың лаңкестік әрекеттері туралы жиі айтылып, жазылуда. Түрлі діни ұйымдардың атын жамылып, жүздеген бейбіт тұрғындардың өмірімен ойнағандарға бір елдің немесе бір халықаралық ұйымның әмірі жүрмейтіні түсінікті. Алайда, кейбір Батыстық бұқаралық ақпарат құралдарында аталмыш террористік, экстримистік топтарға жасырын түрде қолдау білдіріп, қаржыландырып отырған мемлекеттердің барын айтады. Соңғы кезде, бүкіл адамзатты аяғынан тік тұрғызған "ИШИМ"  содырлары пайда болып, мыңдаған тұрғындардың өлімінен жарты әлемге шоу жасады. Біреулерін атты, біреулерін пышаққа салды, енді біреулерін тірідей өртеп жіберді. Мыңдаған отбасының шаңырағы ортасына опырылып түсті. "The Times" келтірген кейбір деректерде, "ИШИМ" содырларының қолынан қаза тапқандардың саны  миллионнан асып жығылған. Әншейінде, бір-бірлерінің аңдысын аңдып, ә, десе атом бомбасымен, жоғары санаттағы әскери техникаларымен доқ көрсететін АҚШ та үнсіз, Ресейден де үн жоқ. Бұны қалай түсінуге болады? Түсінетін түгі де жоқ. Себебі, әлгіндегі жалған бетперделі террористер шын мәнінде ешқандай да террористер емес те. Дүниенің түкпір-түкпірінен жиналған тапсырма орындаушылар ғана. Қазірдің өзінде белгілі болғандай,  "ИШИМ" сапында 129 мемлекеттің азаматтары тіркелген.

27406EC800000578-3024249-image-a-79_1428090782064-600x400

Жалпақ жұрт "ИШИМ-ді" әңгіме қылып жүргенде тағы бір лаңкестік топ пайда болды. 2-сәуір күні батыс христиандары діни мерекелерін тойлап жатқанда, Сомалидегі "Аш-Шабаб" экстиримистік тобы Кенияның Гарисса қаласындағы университеттің студенттері мен оқытушыларын басып алған. Лаңкестік топтың содырлары  кепілге алынғандарға кұш көрсетіп, қарсылық көрсеткендерді қырып салған. Қазірге белгілі болғандай шауылдан барлығы 147 адам қаза тауып, бірнеше ондаған адам ауыр жарақаттар алған.

Оқиға куәгерлерінің бірінің баяндауынша, суық қаруланған бірнеше адам студенттер ғимаратына басып кіріп, олардың діни сенімдерін сұраған. Христиан дінінің өкілдерін тілге келместен атып салып отырған.

"Олар түгелдей қаруланған. Оқу ғимаратына басып кіріп, бәрімізден дінімізді сұрай бастады. Кения тұрғындарының 80 пайызы христиан дінінің өкілдері болатын. Олар Христиан діні өкілдері мен Христостан жәрдем сұрағандарды өлтіріп тастады. Олардің біреуі "Біз Аш-Шабабтан боламыз! Бізден қорқыңдар!" деп дауыстады",-дейді университет проректоры Коллинза  Ветангулы.

"The Times" басылымының жазуынша, содырлар кепілге алынған студенттерге Кения үкіметі басшыларына хабарласып, Кения әскерлерінің Сомалиден кетуін талап еткен. Қазіргі таңда Кения әскерлері бір бейсенбіде 147 адамның жанын қиған "Аш-Шабаб" содырларын залалсыздандырған. Енді шабуылдан ауыр жарақат алғандарға "Қызыл крест" ұйымының  белсенділері түрлі көмектер  көрсетуде.

Нұрзат Тоғжан

Связанные Статьи